Ұстаздар көркем шығарманы талдады

Атырау облыстық білім басқармасының әдістемелік  орталығы ұйымдастыруымен «Шеберлер шеберханасы» педагогикалық тәжірибе алаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Тіл-тұғыр»  қауымдастығы мүшелері  кезекті рет бас қосты.

Бұл кездесуде көркем әдебиетте ішкі болмысы мен қазіргі қоғамды бейнелеу һәм  ұлттық құндылықтарды насихаттау жағынан көш ілгері тұрған Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» хикаятындағы ұлттық таным-түсінік көріністері жан-жақты талданды.

Аталған шығарманы талдап, көпшілікке ұсынудағы негізгі мақсат – қаймағы бұзылмаған қазақ әдебиетінің берерін  жас буынның бойына сіңіру. Сонымен қатар, көркем әдебиетке жаны құмар жастардың санын арттыру. 

Мұндай игі шаралар легі әлі де жалғасын таппақ. 

Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий