Талантты Педагогтарды іздейміз!

Ұлттық Ұстаз онлайн Академиясы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап бірегей жаңа буын мектебін – Ulttyq Business & Engineering School (UBES) бизнес форматындағы бірінші ұлттық мектебін ашады.

Бұл практикалық дағдыларды дамытудың заманауи мектебі, академиялық еркіндігі, оқушыға арналған Жеке оқу траекториясы, мұғалімді, пәнді таңдау құқығы.

Мектептің мамандануы-бизнес, кәсіпкерлік және инжиниринг.

Мектептегі дайындық бағыттары:

✔BUSINESS:

Креативтілік, ойлау дизайны, стартаптарды дамыту, кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг, қаржы, халықаралық этикет

✔SCIENCE & ENGINEERING PRACTICE:

Химия, биология, физика, нанотехнология, STEM, бағдарламалау, Жасанды интеллект, робототехника, BIG DATA, Internet of Things, дизайн, Art

Мұғалімдер адам тағдырында маңызды рөл атқарады. Біз жаңа тұрпатты, жігерлі, белсенді, жарқын, креативті, бастамашыл мұғалімдерді іздейміз.

UBES педагогтары – бұл Қазақстандағы ең үздік білім беру жүйесін құру мақсатымен өмір сүретін инноваторлар, білім берудегі өзгерістер көшбасшылары, сарапшылар командасы.

UBES МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК МОДЕЛІ НЕНІ ҚАМТУЫ КЕРЕК?

Бұл, ең алдымен:

  • химия, биология, математика сияқты белгілі бір саладағы кәсіби білім
  • екінші түрі-басқару құзыреттілігі (аудиторияны басқару, уақыт, жоспарлау, оқу бағдарламасын жобалау, жобаларды басқару)
  • үшінші – бұл цифрлық педагогтың құзыреттілігі, өйткені цифрлық педагогика, қашықтықтан, аралас форматта жұмыс істей білу – бұл қазіргі заманғы мұғалімге must have болып есептеледі
  • жеке құзыреттер. Біз мектепте оқушы үшін эмоционалды интеллект енгіземіз. Бірақ қазіргі мұғалімге бұл құзыреттер ауа сияқты қажет.
  • стейкхолдерлермен, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау сияқты құзыреттер болуы керек, сондықтан сабақтар тек сынып аясында ғана жүргізілмеуі керек.

UBES оқытушылары нені менгереді?

Тұрақты оқыту, дамыту, халықаралық тағылымдамалар, брендті қалыптастыру және нығайту.

UBES ЕСІКТЕРІ ЕҢ МЫҚТЫ, ТАЛАНТТЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ АШЫҚ!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий