Атыраулық мамандар халықаралық семинарға қатысты

Атырау облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы директоры Данагүл Баймашова бастаған орталықтың бір топ маманы Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында өткен халықаралық семинарға қатысты.



“Триз педагогика. Қашықтан оқытудың қазіргі әдістері. Жасандық сана” тақырыбындағы іс-шара қатысушылары біліктілікті көтеру туралы халықаралық сертификат пен тренерден арнайы таратушы материалдарға ие болды.

Ауқымды семинарды “Жаңа дәуірге арналған білім” халықаралық қауымдастығының негізін салушы Анатолий Гин мен түркиялық профессор Умит Дениз Улусар жүргізді.

Бұдан бөлек “Kazakhstan Institute of Skills development” негізін қалаушы Қ.Оңғарбаев та “Зияткерлікті қалай дамытуға болады?” деген тақырыпта шеберлік сағатын өткізді.

Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий