Жаңа форматтағы курстар – мұғалімнің кәсіби өсуінің айнасы

Заманауи білім беру жүйесі  мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етеді. Жаңа талаптар білім беру бағдарламаларының жаңа құрылымы мен мазмұнын, жаңа форматтағы кәсіби мұғалімнің қалыптасуындағы жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді анықтайды.

Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс-әрекетінің сапалар жиынтығы.

Бүгінгі күні өзекті болып отырған пәндік білімнің құзыреттілік ұстанымын жүзеге асыру мен білім сапасын арттыру үшін Педагогикалық шеберлік орталығы “Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары” (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын ұйымдастыруда.

Бағдарламаның мақсаты: математика мұғалімдердің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Бағдарлама міндеттері: 1)тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету; 2) оқушыларға қиын тақырыптар бойынша математикалық есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы түсінігін кеңейту; 3) пәнді оқытуда пайдаланатын қосымша әдебиеттер мен әдістемелік ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және тапсырмалар әзірлеу дағдысын дамыту; 4)оқушылардың креативті ойлау, математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу саласындағы білік-дағдыларын дамыту; 5) математика сабағында инклюзивті оқыту ортасын құру бойынша білік-дағдыларын қалыптастыру.

Бұл курстың ерекшелігі курс соңында пән мұғалімдері жалпы білім беретін мектептердегі математика курсы бойынша пәндік білімді жүйелейді және тереңдетеді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу қиындықтарын ескере отырып, оқу тапсырмаларын әзірлейді, оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың функциональдық сауаттылығын дамытады және оқу жетістіктерін бағалау бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді, оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартып жоспарлауды үйренеді.

Жаңа біліктілікті арттыру курсы мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.

Жаңыл Темірқызы

Педагогикалық шеберлік орталығының

Атырау қаласы филиалы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий