Павлодар қаласында балаңызға бос уақытты қалай ұйымдастыруға болады?

Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ата-аналар өз балаларына бос уақытты қалай ұйымдастыруға болатындығын айтты.

Павлодарда жазғы демалыс кезінде қосымша білім беру ұйымдары қызығушылық бойынша бірқатар секциялар, үйірмелер мен студиялар ұсынады.

Саматов көшесі, ½ мекен-жайы бойынша орналасқан балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында туристік клубтар жұмыс істейді, онда 135 павлодарлық мектеп оқушылары туристік жорықтардың қыр-сырын білуге мүмкіндік алады.

“Жігер” балалар-жасөспірімдер клубтарының желісі лингвистика, мектепке дайындық, сәндік-қолданбалы өнер, журналистика, би және вокал бойынша сабақтарды, оның ішінде бокс, каратэ және күрес бойынша спорттық секцияларды өткізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 65-43-21 телефонына хабарласуға болады

 М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында келесі үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді: “Сымбат” бейнелеу өнері студиясы, “Жас суретші” балалар шығармашылық студиясы, “Робототехника”, “Basic Design” үйірмесі, “Тип-топ” балалар үлгілі эстрадалық би студиясы, “Арман шоу” үлгілі театр-студиясы. Сабаққа жазылу 32-85-11 телефоны бойынша жүргізіледі.

Ведомствода студиялар мен үйірмелердегі барлық сабақтар жаз мезгілінде тегін өтетінін атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий