“Салауатты ата-ана мәдениеті”

Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар  қызметі алаңында  «Салауатты ата-ана мәдениеті» отбасылық  7 апталық даму марафонның өткізілу тәртібі туралы  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Б.Жамангозов пен «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры   Д.Бағжанов және облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция полковнигі Қ.Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 

Жиында Бейқұт Тлебалдыұлы отбасы құндылықтарын қалыптастыратын аталмыш марафон туралы ғана емес, сонымен қатар, білім беру мекемелеріне құжаттарды қабылдау және 2022 жылғы ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы туралы да тілге тиек етті.

Өз кезегінде Қуанышбек Жақсылықұлы балалардың қауіпсіздігі туралы ақпарат берсе, Дәурен Орайұлы «Салауатты ата-ана мәдениеті» марафонының өткізілу тәртібі туралы баяндады.

Аталған марафон ағымдағы жылдың 11 шілдесінде басталып, 28 тамызында аяқталады. Қатысушылардың жұмыстарын қоғам қайраткерлері,белсенді ата-аналар, білім және мәдениет саласының өкілдерінен құрылған арнайы комиссия сараптайтын болады. Іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі орындарға ие болып, «Үлгілі отбасы» атануына мүмкіндік бар.

Марапаттау шарасын 2022 жылдың 9 қыркүйегінде өткізу жоспарлануда.

Жамбыл обылстық білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий