“Мен оқыған бір кітап”

Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда. Елордалық тұрғындардың білім бұлағы кітапқа деген қызығушылығын тудыру үшін «Мен оқыған бір кітап» READx жобасы апта сайын жасалмақ.

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кітап оқитын ұлтты қалыптастыру үшін жас қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін дамытуға және ілгерілетуге ерекше назар аударды. Мектептердегі кітапхана қоры мен сапасы әрқашан жақсаруда.

Жүзеге асып жатқан игіліктің жемісі – сол кітаптарға балалардың да көңіл аударғаны.

Сондықтан да, оқылған шығармаларды талқылауға жайлы жағдай жасау, оқырман қызығушылығын арттыру, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, әдеби сөйлеуді дамыту мақсатында қолға алынған шаралардың бір парасы осы.

   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий