Қазақстандық оқушылар xалықаралық олимпиадада топ жарды

Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты.

 


Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті.

Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді. 

Жүлдегерерді ҚР Оқу-ағарту министрі Асxат Аймағамбетов құттықтады: 
– Құрметті оқушылар!
Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер! – дер жазды Министр. 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий