Әдіскерлерге оқыту семинары ұйымдастырылды

Жуырда Атырау облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығы мен «TALAP» КЕАҚ  Педагогикалық шеберлік орталығының бірлесуімен «Білім беру бағдарламасын әзірлеу» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.



Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен директордың орынбасарлары қатысты. Іс-шараға «TALAP» КЕАҚ  Педагогикалық шеберлік орталығының бас тренері Данияр Тулеубаев та арнайы келді.



Өз кезегінде Данияр Ерғалиұлы академиялық дербестікті ескере отырып, әзірленген ТжКОБ білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттары бойынша шолу жасады.

Сонымен қатар, оқу бағдарламаларын жасаудың кезеңдерін де атап өтіп, семинар соңында колледж мамандарымен пікір алмасты.

 

Атырау облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий