Педагогтар біліктіліктерін арттырды

Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының жылдық жоспарына сәйкес, жуырда педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында «Python. Бағдарламалауға кіріспе» тақырыбында 40 академиялық сағаттық курсы өткізілді.

Оған Текелі қаласы, Көксу, Ескелді аудандарының информатика пән мұғалімдері қатысты. Курс жалпы мазмұны өзара бірлескен информатика пәні бойынша 6-10 сынып бағдарламасының тақырыптарын қамтыған 7 модульден тұрады.

Курс барысында Python және бағдарламалауды мектеп оқушыларына сабақта пайдаланылатын жаңа әдіс тәсілдер мен ақпараттық технологияларды практикада тиімді қолдану жолдары тәжірибе жүзінде ұсынылды.

Курс соңында мұғалімдер алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, қорытынды аттестаттау нәтижесін жақсы көрсетіп, сертификаттарға ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий