Өңір экспедициясы Сарайшықта жалғасты

Атырау қаласындағы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары өңірлік экспедицияларын xан ордалы Сарайшықта жалғастырды. Өйткені, “Туған елге тағзым” жобасы аясындағы келесі нысан да осы Сарайшық болатын. 

Сарайшық, Кіші Сарай — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жоғары орналасқан.

Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласының пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ., Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнер мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.

Сапар барысында оқушылар Сарайшықтың көне орнымен танысты. Музей құрамындағы қазіргі құндылықтарды өз көздерімен көріп, небір тариxи деректерге қанықты. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий