Зерендіге сапар

Балалар жылы аясында Ақмола облысы, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Зеренді ауданына туристік саяхатқа барды.

Саяхат Зеренді ауылындағы аудандық кітапханадан басталып, одан әрі аудан аумағындағы киелі орындарда, атап айтқанда Тіржан қажының Тасбұлағы, Дүйсен би мен Балқадиша, Үлгілі сарқырамасы, Орманды бұлақ қорымы тәрізді тамаша жерлерде жалғасты.

 

«Оқушыларды туристік саяхат барысында қарсы алып, аудан аумағындағы жоғарыда аталған киелі жерлерге апарып, таныстырған Зеренді аудандық кітапханасының директорының міндетін атқарушы Габдульманова Гакку Жангазықызына алғысымыз зор!», – дейді демалушылар.

 

Бұл саяхат балаларға естен кетпестей әсер қалдырды деген сенімдеміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий