Білім алушылардың мәдени құзіреттілігін қалай қалыптастырамыз?

«Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік – тіл халық мәдениетінің құрамдас бөлігі, мәдениетті тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықтың әдет-ғұрпын, этикетін, әлеуметтік стереотиптерін, тарихын, мәдениетін қоса меңгеріп, қарым-қатынас барысында оларды қолдана білу қабілеті», – дейді атақты әдіскер және лингвист А.Н.Щукин.

Әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру процесін тиімді ұйымдастыру – білім алушының мәтіндер мен оларға берілген тапсырмаларды мазмұнды түрде орындауға, шет елдің мәдениетін, коммуникативті мінез-құлқын меңгеруге септігін тигізеді. Сондықтан тілдік оқу материалынан басқа, лингвистикалық білім беру мазмұнында «мәдениет» ұғымы туралы мәліметтер жеткілікті. Өйткені  тіл  – халықтың мәдениетін тасымалдайтын бірденбір құрал болып табылады.

  Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі –  белгілі бір іскерліктерді білім алушының бойында қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар мәдени қарым – қатынасқа қабілетті, болашақ білімді де мәдениетті  мамандарды даярлау болып табылады. Себебі, шетел тілін оқытудағы басты аспекті – сол тілдегі халықтың  салт дәстүрін, нанымсенімдерін, тарихын  және т.б. әлеуметтікмәдени құзіреттілігін түсіндіру. Шетел тілін оқытуда тек грамматикалық ережелерді немесе  жазу, сөйлеу дағдыларын меңгеру жеткіліксіз, сондықтан сол тілде сөйлейтін халықтың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескеру қажет. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру жеке тұлға арқылы әлемдік және ұлттық мәдениеттер жүйесінде орын алу.

Негізінен әлеуметтік-мәдени құзыреттілік үш блок білімнен тұрады. Олар: лингвоелтанымдық  білім, әлеуметтік-психологиялық білім және мәдени-танымдық білім. Соның ішінде лингвоелтанымдық білім – ұлттық-мәдени семантикалық лексикалық бірліктер білімі мен мәдениетаралық қатынас жағдайларында пайдалана білу дағдыларынан тұрады. Олар білімалушыларға коммуникативтік қарым – қатынастың ұстанымдары, ережелері және құндылықтары туралы жорамалдауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, лингвоелтанымдық білімнің ішіндегі басты категориялардың бірі – идома. Идиома – ұлы сөз тәртібін қатаң сақтайтын бүтін ретінде болатын сөз тіркесі. Бұл сөз тіркесі – сөзімізді өткір, көрікті, образды жеткізу үшін қолданылады. Ол сөз тіркесін  сөзбе-сөз аударуға мүлдем болмайды.      

«Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжіндегі ағылшын тілінен «Лексикология» пәні барысында идиома туралы қажетті ақпарат беріліп, сөз тіркесін қолдану жолдары көрсетіледі. Идиоманы түсіндіру үшін білім алушылар «ПОПС-формула» әдісін қолданды. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін халықтың басым көпшілігі қолданылатын идиомалардың бірі, «Beauty Is Only Skin Deep» талдайтын болсақ:

П – Өз көзқарасы. «Менің ойымша, бұл идиоманың «Beauty Is Only Skin Deep» мағынасы  – сұлулықтың маңыздылығы туралы».

О – түсіндіру. «Себебі бұл идиомадан «beauty», яғни қазақ тілінен аударғанда «сұлулық». Егерде біз оны сөзбе – сөз аударатын болсақ: «Сұлулық теріден терең емес» яғни сұлулық бетте емес, жүректе деген мағынаға ие болатын еді.

П – дәлелдеп, мысал келтіру. «Sarah is gorgeous, but watch out—she has a really nasty side. Beauty is only skin deep». Яғни, әдемілік алдамшы болып келуі мүмкін, адамның жан дүниесі әрқашанда маңызды.

С – қорытынды пікірі. «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім: адам  жүзінің сұлулығынан су іше алмайсың, сырт келбет жалған, сыртына қарап тон пішпе. Сұлулық – жүректе.

Міне, әрбір білім алушы идиоманы оқу барысында оны аударып, талдап, өз ойларын қысқаша жеткізіп, белгілі бір нақты әрі дұрыс қорытындыға келе алады.

Сондай-ақ, білім алушылар шетел халқының дүниетанымын, мәдениетін және сан ғасырлық білім жүйесін тұрақты сөз тіркестері арқылы табады. Сөйтіп, ағылшын тілі сабағында білім алушылардың әлеуметтікмәдени құзіреттілігін дамыту мақсатында, олар идиоманы ауызша сөйлеу барысында ұтымды меңгере отырып, сөздік қорын жетілдіреді, ойын анық жеткізуге үйренеді. Оларидиоманы тек сөздік қорды дамыту үшін ғана емес, оған қоса тілдің табиғатын, халықтың менталитетін, жалпы айтқанда, дәстүрі мен мәдениетін айшықтайтын білім көзі ретінде пайдаланғаны абзал.

Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік – тіл халық мәдениетінің құрамдас бөлігі. Олай дейтін себебіміз, бір тіл  бір адам. Тіл арқылы өзге елден ғылым үйреніп, тәжірибе алмаса аласың.  Тілді мәдениетті тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп жатқан халықтың әдет-ғұрпын (ағылшындықтарда «шай ішу кеші» деген ғұрып бар. Ол 16:00 мен 18:00аралығында болса, бізде «бестің шәйі» деген бар), этикетін (жасы кіші бала өзінен жасы үлкенге «Mr. Stevenson, may I talk to you?» десе, өз досына «Hey David, I have something interesting for you» десе, қазақтарда үлкен кісі болса «сіз» деп айтады), әлеуметтік стереотиптерін (Британдықтар туралы стереотиптерде жиі кездесетін сөздер:  үнемі ауа райы туралы сөйлеседі; олар кесте бойынша шай ішеді; ағылшындар ең сыпайы; ең заңға бағынатын азаматтар. Бұл жағынан да бізге ұқсастықтары көп), тарихын (танымал жазушы Уильям Шекспир қазіргі ағылшын тілінің негізін қалаушы болып саналады. Дәл осы тілді тазартып, оны пішінге келтіріп, қазіргі кезде ағылшын тілінде сөйлеу үшін қолданылатын көптеген идиомалық өрнектер мен жаңа сөздерді енгізген. 1795 жылы ағартушылық дәуірінде Л.Мюррейдің «Ағылшын грамматикасы» оқулығы алғаш рет жарық көрді. Шамамен 200 жыл бойы бұл кітаптан барлығы білді. Дәл осы тарихи тұлға сияқты қазақ тілі лингвистикасын дамытып, қазақ әліпбиінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы мен сөздік құрастырушы Қ.Жұбановты айта аламыз), коммуникация (ағылшындықтардың кейбір қарымқатынастағы сөздері: Have a good day («жақсы күн») — жұмыс бойынша әріптестермен қоштасуға арналған өте сыпайы сөздер. Keep in touch — әдетте ұзақ уақыт бойы көріспейтінін білетін адамдар арасында пайдаланылады. Тіке мағынасында аударса, байланыста бол. I’m out! — ауыспалы мағына беретін қоштасу. Кетіп бара жатқанына қуанғанда айтылады. «Зытып барамын» деген мағына береді) және т.б. қарым-қатынас барысында осы білімдер жүйесін пайдалана алу, білу қабілеттіліктің ұтымды қыры.

Ағылшын сабағында білім алушылардың мәдени біліктілікті арттыра отырып, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізуге, өзге  мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге дағдыландыру керекпіз.

Қорыта айтқанда, мәдениет пен тілді ұштастырып, ағылшын тілін үйрету, сыни ойлау технологиясын кеңінен қолданып, білім алушылардың  сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейтіп, үнемі өзінше ізденімпаздыққа итермелеп, білімі мен дүниетанымын арттыру: осылардың барлығына негіз болатын  процесс – әлеуметтік мәдени құзіреттілік. Сондықтан, білім беру жолында дұрыс бағыт беретін құзіреттіліктің  білімді де мәдениетті, дүниетанымы кең, заманауи тұрғыдан ойлай алатын, сыни ойлау жүйесі толықсыған болашақ ұрпақтардың ойөрісін үнемі дамып отыруға атқарар маңызы зор.

 

                                           Жанар Жусупова, ҰҒПББСО «Бөбек» «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пəнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий