Інжу Жұмажан дзюдодан топ жарды

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Подстепное ауылында дзюдо күресінің негізін қалаушы, спорт ардагері Кувашев Байдолла Мақсотұлының 60 жылдық мерейтойына орай дзюдо күресінен 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Республикалық ашық турнир өтті.

 

Аталған турнирге Ресей мемлекеті, Ақтөбе, Атырау, БҚО және барлық аудандардан 300-ден астам споршы бақ сынады. Жарысқа Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті қатысып нәтижесінде Тұрар Ризуановтың оқушысы Інжу Жұмажан 40 келі салмақ дәрежесі бойынша 4 кездесу өткізіп 1 орын (Исатай о/м) иеленді. Спортшыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий