Атыраулық Ризабек қоржынға күміс медаль салды

 Қазақстанның ұлттық құрама командасы Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) бір алтын, төрт күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас физиктері қатарынан көрінді.

Әлемнің 75 елінен 368 оқушы қатысқан зияткерлік жарыс 10-17 шілде аралығында қашықтықтан өтті. Ұйымдастырушы ел-Цюрих қ. (Швейцария). Қазақстанның құрама командасы 5 оқушыдан тұрды. IPhO қатысушылары өз білімдері мен дағдыларын екі турда көрсетті. Біріншісі орта мектепте оқытылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық мәселелерді шешуге арналса, екіншісі – эксперименттік турда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындады. Қорытындылар жеке есепте шығарылды.

Аталмыш сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 5 оқушы аттанса, соның ішінде жерлесіміз, “Білім-Инновация” лицей-интернатының оқушысы Ризабек Алпамыс күміс медальға ие болды.

– Барлық жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға олимпиаданың өту кезінде көрсеткен қамқорлықтары үшін зор алғысымды білдіремін. Ең бастысы, елімнің, маған сенген жандардың үміті ақталды, – дейді IPhO-ның екі дүркін күміс жүлдегері Ризабек Алпамыс.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий