Атыраулық оқушылар тау бөктерінде тынығуда

 Атыраулық оқушылар “Қазақстан геологы” пансионатына демалысқа аттанды, – деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша Ресей Федерациясы, Железноводск қаласындағы «Геолог Казахстана» емдеу пансионатына әлеуметтік осал топ санатына жататын балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жоспарланып, бүгінгі күні пансионатқа облыстан 11 шілде күні 72 бала, 14 шілде күні 75 бала жіберілді.

— Қазіргі таңда аталмыш пансионатта әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары көбірек қамтылып, арнайы демалыстар ұйымдастырылуда. Жаз бойы балалардың көзден таса болмай, уақыттарын тиімді өткізуіне тек мектеп ғана емес, ата-ана, жалпы қоғам болып атсалысуымыз қажет. Әртүрлі қызықты шараларды ұйымдастырып жатқан лагерь жетекшісі Аниса Унгаралиева мен тәрбиешілерімізге алғыс айтамыз”- дейді облыстық Білім беру басқармасының басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий