Жас келсе іске…


Алматы  обылы, Сарқан  ауданы, Жетісу орта мектебіне биылғы оқу жылында жас  мамандар келіп, өздерін тек жақсы жағынан көрсетуде. Олар үнемі ізденіс үстінде  жүретіндерін түрлі іс-шаралар арқылы іспен дәлелдеуде.

Оларға өздеріне жүктелген әр  тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, нәтижелі, жемісті жұмыс көрсетуде. Жас мамандар  ұйымдастыруымен «Ұстаздар мерекесі» мектеп оқушыларымен бірге барлық талаптарға  сай, құттықтаулар, тосын сыйлар, викториналық сұрақтар, концерттік бағдарламалар  өте  тартымды болып, қызықтыөткізілді. Мектептегі әр іс-шараның өткізілуіне орай, залдың  безендірілуі, жүргізушілерді дайындау, бағдарламаның құрылымына да араласып, мектептің тәрбие-ісі меңгерушісі Л.Алыбаеваның көрсетілген әдістемелік көмегі мен  бағыт-бағдарымен жас мамандар бәріне қолғабыс  болуда. Мектептегі  ұйымдастырылғанкөрмеге, стендтердің көркемделуіне де өз фантазияларымен  технология пәні мұғалімі А.Ахмет үлес қосуда. Өздерінің пәндері бойынша облыс және ауданкөлемінде өткізілген вебинар мен конференцияларғақатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жасауда.

Аудандық «Жас мамандар клубының» мүшелері ретінде ZOOM арқылы семинарларға, жас  мамандар байқауынақатысуда. Атап айтсақ биология пәні мұғалімі М.Жұмаділ  қатысып, жақсы көрсеткішіменш АББ басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Ағылшын пәні мұғалімі С.Қабдолданованың өткізген сабақтарынан түрлі әдістердің  өте тиімді пайдаланылғанын байқауға болады. Өз сабағына үлкен жауапкершілікпен  қарап, бір сабағы екіншісіне ұқсамайтын тұстары көп кездесуде. Сабақта өзі емес, алдында отырған оқушыларды сөйлетеді. Сонымен қатар, мектептің «Өзін-өзі басқару  жүйесінің» жетекшісі міндетін жақсы атқаруда.

Тарих пәні мұғалімі Р.Жабайханов  облыс көлемінде өткізілген ғылыми жоба байқауына қатысып, ізденіс-зерттеу  жұмысымен әріптестерімен бөлісті. Бүгінгі таңда үш ғылыми жоба байқауына қатысты. Пән бойынша ұйымдастырылып жатқан облыс және аудан көлеміндегі семинарларда іс-тәжірибе бөлісіп, басқалардан үйреніп, белсене қатысқаны үшін сертификат алған. Сонымен  қатар, мектептегі «Ақиқат» дебат клубының жетекшісі,үнемі өзекті мәселе  аясында дебатты мектептің 7-11 сынып оқушыларымен өткізуде. Дебат клубында  оқушыларды дайындап, тақырып аясында бағыт-бағдар бере отырып, әділ-қазылар  алқасының қатысуымен «Үздік  спикер», «Үздік  топ  мүшесін» мақтау  қағаздарымен  марапаттап, ал  қалған  қатысушылардың  белсенділігін  бағалап,  алғыс  хаттарын  табыстады. Жас  мамандардың   әр  жұмыс  нәтижесі  «Инстаграмм  және  Фейсбуктағы» «Жетісу  орта  мектебі»  парақшасына  жарияланып  отыруда. Әр  жас маманның өзінің  тәлімгері бар бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмектерін көрсетіп отырған. Жылдық  жоспарларына сәйкес жұмыстарды бірлесе отырып  жүргізу нәтижесінде жас маманнан  үйренер тұстары да баршылық.

Біздің  жас мамандарға  бір-бір  сынып  бекітіліп, тәрбие  жұмысында  жақсы  атқаруда. Мектепте өткізілген байқаулар, көрмелер мен  фестивальдарының жүлделі 1-2-3 орын иегерлері. Әрине осының бәрі  жас  мамандардың  еңбекқорлығының, ізденісінің, жауапкершілігінің  нәтижесі  деп  айта  алам.

Гульнар МУХАМЕДЬЯРОВА, 
Жетісу  орта  мектебінің  математика  пәні  мұғалімі, педагог-зерттеуші

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий