“ӨРЛЕУГЕ” – 10 жыл

Ұстаздардың біліктіліктерін жетілдіру – оқыту сапасын арттыру құралдарының бірі. Биылғы  жылдың  14 шілдесінде Үкіметтің  кеңейтілген отырысында  Мемлекет  басшысы Қ.Тоқаев Білімге салынған қаражат мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл өте маңызды мәселе.  Түптеп келгенде дамудың бірден-бір жолы – білім саласы деген еді.

Осыдан 10 жыл бұрын құрылған Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы, оның облыстағы филиалдары білім беру жүйесін жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға өзіндік үлесін қосып келеді.

Өрлеу” БАҰО АҚ-ның филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтынан осы жылдар ішінде 42-мыңнан астам педагогтер біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2012-2017 жылдары Назарбаев зияткерлік мектептерінің деңгейлік бағдарламасы бойынша  курстарға 2335 педагог қамтылса, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 2016-2021 жылдары 16 673 мұғалім  курстан өтті. 21 818 мұғалім қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктіліктерін арттырды.

Біліктілікті арттыру бағытында халықаралық байланыстарға ерекше көңіл бөлінді. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Австралия  елдерінің  мамандары біліктілік арттыру курстарында өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестер берді.

Институт қызметкерлері Англия, Франция, Австралия, Россия, Австрияда білімдерінжетілдіруге мүмкіндік алды. Сингапур мен Оңтүстік Кореяда іссапарларда болып, білім беру ұйымдарының озық тәжірибелерімен танысты.

Сертификатталған мұғалімдердің желілік қауымдастығы құрылып, педагогтер арасында «Жаңа форматты  мұғалімнің  үздік жобалары» атты дәстүрлі фестивальдер, “Жаңа тұрпатты мұғалім: өзекті мәселелері және кәсіби дамуының болашағы атты форумдар ұйымдастырылды. Өрлеу –кәсіби дамуға жол ашады! атты халықаралық конференцияда деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің үздік тәжірибелері таратылды.

Сертификатталған мұғалімдерді курстан кейінгі  қолдау аясында әдістемелік десанттар ұйымдастыру, ауыл мұғалімдеріне көмек көрсету  мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептерінің  арасындағы орта білім беру сапасындағы алшақтықты жоюды тапсырды. Осы алшақтықты  жоюдың бір жолы-ауыл мұғалімінің  кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Облыс мектептерінің 86,8%-ы ауыл мектебі болса, оның 32% шағын жинақталған  мектептер. Облыс педагогтерінің 70% -ы ауыл мұғалімдері. Сондықтан да, ауыл мектептері мен мұғалімдері “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығыныңЖамбыл облыстық  филиалының  басты назарында.

10 жыл ішінде институтта  біліктілігін арттырған педагогтердің 65%-ы ауыл мұғалімдері болса, оның 865і шағын жинақталған мектептің ұстаздары.

Республика көлемінде “Үздік педагог” атанған облыстағы 29 мектеп мұғалімінің 12-і (41,3%) ауыл мектептерінен.

Институт қызметкерлері біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүргізеді. “Біліктілікті  арттыру – мектеп тәжірибесінде” жобасы аясында көшпелі тәжірибелік семинарлар, әдістемелік десанттар, шеберлік сыныптар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, тренингтер, дискуссияларды тұрақты түрде ұйымдастыруда.

Осы іс-шараларда ауыл мектебі: бүгінгі және болашағы, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, бағалаудың тиімді жолдарын қолдану, мұғалімнің цифрлық құзіреттілігін пайдаланудың  тиімді  жолдары, шағын жинақталған мектептің оқыту процесінде тиімді  инновациялық технологияларды таңдау, педагогтың  кәсіби дамуы сияқты өзекті мәселелер қамтылды.

Lesson study – кәсіби даму ортасы” жобасы ауыл мектебі ұстаздарының сұраныстарына сәйкесжоспарланған. “Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын  дамыту” жобасы аясында пән мұғалімдеріне  арналған 4 бағыт бойынша көшпелі  сессиялар өткізілді. Облыс бойынша  зерттеуге қатысатын пән мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік  семинарлар, кәсіби сұхбаттар және білім алушылардың қатысуымен тәжірибелік  жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.

“Үздік ауылдық мектеп” жобасы аясында ауыл мектептеріндегі үздік идеялар  жинақталған. “Үздік шығармашыл ұстаз”, “Педагогикалық оқулар”, “Кәсіби шеберліктің шыңына“, АКТ пайдалану бойынша үздік ауыл мектебі”, “Үздік ашық сабақ”, “Педагогтің тиімді әдістемелік жүйесі”, “Үздік цифрлық ауыл мектебі” т.б. облыстық  байқаулар өткізіледі.

Соңғы 5 жылдан бері “Ұлы дала елі” республикалық этно-форумы дәстүрлі түрде өткізілуде. Жобада ауыл мұғалімдері  мен оқушылары  өз ұлтының тарихы мен мәдениетін, өз ауылының бірегей тұлғаларын  насихаттауда.

Үздіксіз даму виртуалды  әдістемелік кешен” жобасы арқылы  ауыл мектептеріне ғылыми-әдістемелік  қолдау көрсетілуде. “Электронды мектеп жүйесі” жобасы аясында ауылдағы мектептердің  озат тәжірибесі таратылуда. Мысалы,  Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында электронды мектеп жүйесі іске қосылған. Креативті ұжымда институтта үштілді  оқыту  бойынша біліктілігін  арттырған биология пәнінің мұғалімі  Евгений Кравчуктың еңбегі орасан зор. ГимназиядаGM arnasyның өнімдері, “Әрбір бала – бір жұлдыз”, “Педагогикалық диалог” және “Айымның ғажайып әлемі” мультсериалдары тұрақты түрде шығарылып отырады. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында институттың кітапхана қызметкерлері “Виртуалды кітапхана”, Виртуалды көрмелер, “Кітап – менің жетістігім!” байқауын ұйымдастырып отырады.Институтта біліктіліктерін арттырып,  ауыл мектебінде кітапханаларда цифрландыруды енгізген жаңашыл кітапханашылардың саны жылдан – жылға артып келеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Педагогикалық идеялар панорамасына” облыс ұстаздарының лайықты  деңгейде қатысуына   үлкен көңіл бөлінуде.

Соңғы 3 жылда республикалық байқауда жүлдегер атанған Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнімұғалімі Г.С Керімбаева, Т.Рысқұлов ауданы,Ю.Гагарин атындағы орта мектептің өзін-өзі тану мұғалімі А.Қ. Қожамқұлова, Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Д. Иманмырзаева, №40 мектепгимназияның бастауыш сынып мұғалімі Н.В. Кащеева, №2 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.А. Спатова, №12 бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі И.Қ. Зайнуллина туралы бейне-контенттер жасалып, виртуалды эстафета түрінде таратылды. Биылғы жылғы байқауға облыстан 561 мұғалім қатысуға өтініш беріп, белсенділік танытуда.

Институттың профессор-оқытушылар құрамы осы жылдар ішінде 65-тен астам әдістемелік құралдар, жинақтар, ұсыныстар әзірлеп, білім жетілдіру курстарына  арналған білім бағдарламаларын  әзірлеуге қатысты. 2018 жылы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілді мектептер үшін 5-9 сыныптардағы  орыс тілі мен әдебиеті пәні, бастауыш сыныптағы қазақ тіліжәне сынып жетекшілеріне  арналған білім беру бағдарламаларын дайындады.

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрі А.Қ. Аймағанбетовтың тапсырмасына сәйкес “Өрлеу” БАҰО” АҚ-ның басшылығымен институттың 4 аға оқытушысы Қазіргі заманғыбілім беруді дамыту институтынан EdCrunch Academy (Эдкранч Академия) ү.ж 3 мамыры – 16 маусымы аралығында білім беру  бағдарламаларын  әзірлеуші – тренерлерге арналған “Тәжірибе арқылы оқыту тақырыбында курстан өтіп, біліктіліктерін  жетілдірді.  Курс барысында  білім беру бағдарламасын  жобалаудың  ең үздік халықаралық тәжірибелерін зерттеді. Соныңнәтижесінде институт директорының орынбасары, п.ғ.к, асс. профессор Ш.М. Тайғанбекова, лаборатория меңгерушісі Н.В. Цой, кафедраның аға оқытушылары С.М. Қарымбаева мен Н.Ж. Абдикеримовалар 5-9 шы сыныптарға орыс тілінен, 10-11-ші сыныптарға география, қазақ тілі, информатика пәндерінен мұғалімдердің пәндік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында ең күрделі тақырыптар бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеп, арнайы сертификаттар иеленіп, бағдарлама авторлары ретінде авторлық құқықтарын растайтын куәліктералды. Мұның бәрі-шығармашыл ұжымның үздіксіз еңбектерінің жемісі.

Ү.ж 11 сәуірі мен 11шілде аралығында 2 аға оқытушымыз Э.Б. Мырзалиева мен Ж.С. Хайрушева халықаралық Болашақбағдарламасының  стипендиаттары ретінде Эстонияның Нарва қаласындағы Тарту университетінде 3 айлық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында Эстонияның білім саласындағы  озық тәжірибесімен танысып, білктіліктерін арттырды. Республика көлемінде тағылымдамадан өткен 4 оқытушының 2-і Жамбыл облысы  бойынша кәсіби даму институтының оқытушылары болғанын мақтан етеміз.

Жамбыл-Өрлеу” атына сай алдағы уақыттарда үздік жобаларымен білім  саласының дамуына өзіндік үлесін қоса бермек.

 

 

С. Құрманбекова

“Өрлеу” БАҰО” АҚ-ның

филиалы  Жамбыл облысы бойынша  

кәсіби даму институтының директоры.

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий