“Серпіннің” қарқыны қандай?

Соңғы төрт жылда ауылдық жерлерге Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1259 түлегі жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Amanzholov University баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 98% құрайды. Айта кету керек, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ түлектердің өз кәсібін тауып, болашағын олармен байланыстыруы үшін бар күшін салуда. Осылайша, оңтүстік және батыс өңірлерден келген студенттер техникалық білім беру бағдарламаларын бітіріп, өздерінің еңбек жолдарын облыстың ірі зауыттарынан бастайды, оның ішінде “Қазмырыш”, “ТМК ” және т.б. Ал педагогикалық бағытта ЖОО білім алған түлектер мұқым Шығыс Қазақстан бойынша тамаша педагогтарға айналады.

Жоғары оқу орнының ректоры, сонымен қатар Өскемен қалалық мәслихатының “Amanat” партиясы фракциясының депутаты Мұхтар Төлегеннің айтуынша, депутаттар жастар үшін оның мақсаттары, міндеттері мен артықшылықтарын белсенді түрде түсіндіруге тырысады. Осылайша, ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайтып, ауылдық жерлерде диплом алған студенттерді бекітіп, студенттер көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие түрінде қолдауды толық сезінеді.

Мысалы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2021 жылғы түлегі Балдырған Қалитова “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша Бородулиха ауданының Орлов бастауыш мектебінде қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.

 

Еңбек жолымды дәл ауылдық жерде бастағым келді, өйткені біз ауылдарда білім беруді жақсартып, гүлдендіру керек деп жиі айтамыз. Осы себепті басшылыққа алып, Бородулиха ауданына жас маман ретінде жұмысқа келдім. Осы бағдарлама бойынша маған жақсы қаржылық және әлеуметтік қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда мен орыс сыныптарында қазақ тілін оқытамын. Әу бастан қандайда бір қиындықтарға тап болдым деп айта алмаймын. Себебі,  университеттегі алған білімім мықты база болды. Мұғалімдер бәрін сабақ барысында түсіндірген-ді. Жұмыс барысында мен әртүрлі әдістерді қолданамын: балалар арасында жарыс түрінде, микрофон сияқты методикалар бар. Ойындар мен тәжірибелер түрінде сабақ жүргізу көп нәтиже береді, балаларға оқудың бұл түрі ұнайды, – дейді Балдырған Қалитова.

Айта кетейік, Amanzholov University түлектері қазіргі уақытта өңірдің Қазмырыш, Қазминералс, ҮМЗ сияқты жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында, сондай-ақ агроөнеркәсіптік секторда, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. 

Мәселен, Арайлым Мұратайқызы “Серпін” бағдарламасы бойынша “Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы” мамандығын биыл аяқтаған түлек. Қазіргі уақытта Глубокое ауданындағы “Алтын Шығыс” өсімдік майын өндіру зауытында жұмыс істейді.

 

– Қазақстанда “Серпін” бағдарламасы іске асып жатқанына қуаныштымын. Бұл бізге үлкен мүмкіндік пен мотивация береді. Оқуды бітіргеннен кейін маған Глубокое ауданындағы “Алтын Шығыс” ЖШС өсімдік майын өндіру зауытында лаборант болып жұмыс істеуді ұсынды. Әрине, қиындықтар болды, әсіресе бейімделу кезеңі. Бірақ қазір бәрі жақсы. Жұмыста барлық жағдай жасалған, ұжым өте тату. Маған бәрі ұнайды, – дейді жас маман Арайлым Мұратайқызы.

Тағы бір түлек Рамазан Ақбай ШҚУ-ды 2019 жылы бітірген. “Серпін” бағдарламасының түлегі зайыбымен бірге Өскеменде қалып, осында еңбек жолын бастауға шешім қабылдады. Рамазан қазір №27 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

 

 

– Мен мамандық таңдауда қателеспеген адам шығармын. Балаларға жаңа пәнді үйренуге қол ұшын беру және көмектесу бұл жоғары мәртебе. Университетті бітіргеннен кейін мен үйлендім, жұмысқа тұрдым. Жұбайым қазір декреттік демалыста. Екі жасар балам бар, бір сөзбен айтқанда бақыттымын. Жұмысқа орналасу кезінде бізге қалалық жұмыспен қамту орталығы үлкен көмек көрсеткенін ерекше атап өткім келеді. Олар жыл бойы тұрғын үй шығындарын төледі, бұл үлкен қолдау, – деді Рамазан Ақбай.  

“Дипломмен ауылға “бағдарламасы бойынша Катонқарағай ауданында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың “Бастапқы әскери дайындық” мамандығының  2021 жылғы түлегі Жандос Қадырқанов та жұмыс істейді.

 

– Қазіргі уақытта Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжінде өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін. Менің білімім ауылдарда тұратын жас ұрпақ үшін пайдалы болғанын қалаймын. Әр сабақтың тақырыптары бойынша мен колледж студенттеріне қызықты болу үшін мұқият дайындалуға тырысамын. Оқу процесінде әскери тәртіп қатаң сақталады. Студенттер бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға тырысамын, – деп жауап берді Жандос Қадырханов. 

Айта кету керек, соңғы төрт жылда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 8924 түлек дайындалды.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий