Көшпелі интенсив оқыту семинарының кезекті дәрісі өтті

13 шілдеден бері Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Көшпелі интенсив – цифрлық білім беру лагері” тақырыбында оқыту семинары жүзеге асуда. 

24 тамызға дейін жалғасатын іс-шара әр сәрсенбі ZOOM, YouTube платформаларында онлайн өтпек. 

20 шілде күні ұймдастырылған кезекті дәріс “Деректерді сақтау, өшірілген деректерді қайта қалыпқа келтіру” тақырыбын қамтыды.  Сабақты информатика пәні мұғалімі, педагог-шебер Жылбек Ғазизұлы Тұрсынбаев жүргізді. 

Айта кету керек, компьютердің істен шығу қаупі болғандықтан, деректерді сақтау мәселесі өте маңызды. 

 – Ол мәліметтер қорына, серверлерге және т.б. қойылатын басты талаптардың бірі болып саналады. Бірақ қарапайым қолданушының компьютері сервер болмаса да, онда сақталатын ақпараттың құндылығын азайтпайды. Сондықтан, қатқыл дискіде жазылған деректерді жоғалтпас үшін, резервті көшіруді мерзімді жасап тұру керек, – дейді спикер.

 

Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий