Ұмытылмас сәттер…
Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларын денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бұл миссияны Алматыдағы «CITYCAMP» жазғы сауықтыру лагері тамаша орындады.

Аталмыш лагерь Алматының қарасаң көзің тоймайтын табиғаты аясынан орын тепкен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында осы университеттің аға оқытушысы Айбек Шегебаевтың ұйымдастыруымен құрылған.
Биылғы демалушыларының бірі, Атырау облысы, Аққыстау ауылының тумасы, Аққыстау орта мектебінің оқушысы Надежда Насиханованың пікірі мынадай:
– Citycamp лагерлеріндегі бір күн келесі күнге мүлдем ұқсамайды. Таңғы сағат сегіз жарымнан бастап қайнаған өмір басталады. Әуелі таңғы жаттығу жасап, тамақтануға барамыз. Әр күнге жаңа бағдарлама құрылады. Сол бойынша жүреміз. Күнделікті кешкі уақытта демалуға келген демалушылардың көңіл-күйін жақсарту мақсатында арнайы концерттер ұйымдастырылады. Сол концерттер арқылы бала өзінің бойында ашылмаған қасиеттерімен ерекшеленді. Бір күні спорттық сайыстар өтсе, келесі күні көркем өнермен айналысатынбыз.

Арнайы мамандардың, тәлімгерлер, ұйымдастырушылар мен ақ халатты абзал жандардың көмегімен Hawai & Miami аквапаркіне, Көлсай көліне, Медеу мен Көктөбеге саяхат жасадық. Тауға шығып, керемет әсер алып табиғат кереметтерін тамашаладық. Егер тағы бір баруға мүмкіндік болса, ойланбастан тағы келер едім, – дейді демалушы.
Загрузка...