Нұрзила самбодан республикалық чемпионатта топ жарды

Күні кеше ғана, шілде айының 22-23 күндері  Ақтау қаласында самбо күресінен 2006-2007 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық жас палуандар бақтарын сынады. Облыс құрама сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті бақ сынап нәтижесінде қыздар арасында Нұрзила Қадыр  72 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, шаршы алаңдағы алғашқы кездесуінде Қызылорда облысының палуанын айқын басымдылықпен жеңсе, екінші кездесуінде Алматы облысынан келген палуан қызды таза ұтып, ақтық айқасқа жолдама алды.

Алтын жүлде сарапқа салынған ақтық сында БҚО-дан келген қарсыласынан айласын асырған қайсар қыз ел чемпионатының жеңімпазы атанып, самбо күресінен Армения мемлекетінде өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.

Жаттықтырушысы Тұрар Ризуановты, және спортшымызды жеткен жетістігімен құттықтап, алдағы әлем біріншілігінде сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий