AMANZHOLOV UNIVERSITY үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының топ бестігіне кірді

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақстанның жетекші көпбейінді жоғары оқу орындары – 2022 Ұлттық рейтингісінде бесінші орынды иеленіп, үздіктердің бірі ретінде танылды.

Университеттерді саралау талантты студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің жоғары концентрациясы; ресурстардың жеткіліктілігі, академиялық ұтқырлық, түлектердің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми қызмет бойынша жүргізілді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті осы рейтингте басқа көп салалы ЖОО арасында бесінші орынды иеленді.

Айта кетейік, С.Аманжолов атындағы ШҚУ сондай-ақ QS ірі халықаралық рейтингіне 251-300 орынға көтерілді. Университетте 30-дан астам инновациялық білім беру бағдарламалары бар, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды. Соңғы үш жылда ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 14 есеге артып, 1 миллиард 620 миллион теңгені құрады. Университет алыс шетел университеттерімен ынтымақтаса бастады. Негізгі бағыттары – ғылыми жобалар, қос дипломды білім беру, академиялық ұтқырлық.

Университетте білікті оқытушылардың болуы, бірегей материалдық-техникалық база, ынтымақтастық саясатын іске асыру, аймақтың жетекші кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау-Amanzholov University-дің осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий