Рәміздерге құрмет – елге құрмет

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігі, Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармаларының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілген.

Іс – шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін орнату мен орналастыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану қатаң назарға алынған. Қазақстан Республикасының Туы (1 х 2 метр өлшеммен) мен Мемлекеттік Елтаңбасы (диаметрі 500 миллиметр) колледждің ғимаратына кіреберіс маңдайшасында, бірінші басшының жұмыс кабинетінде, колледж фойесінде Рәміздер бұрышында орналасқан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы колледжде өткізілетін салтанатты жиындарда (алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау, ҚР Тәуелсіздігі күні, Жеңіс күні, ҚР Рәміздері күні) БӘД ұйымдастырушысы-оқытушысының нұсқаулық пәрменімен құрамында үш адам ту ұстаушы және екі сүйемелдеушісінен құралған ту көтеру тобымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын әкелу және әкету рәсімі пайдаланылады. Спорттық шараларда ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріледі.

Колледж ғимаратының сыртқы бетінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылған. Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аза тұту мерзімі ішінде ту тұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі. Колледжде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңына және «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1381 қаулысына сәйкес ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібін айқындайтын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы колледждегі мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану мен Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жұмыстарын ұйымдастырады.

Әрбір білім беру ұйымдарында, мемлекеттік мекемелерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысын жүзеге асыру мен орындау ұйым басшысының басты міндеті деп санаймын. Туымыз тұғырлы, елтаңбамыз еңселі, әнұранымыз айбарлы болсын!

Арман МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы – техникалық
колледжінің директоры, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий