Біздің балалар

Биылғы жыл – біз үшін болашақ тірегіміз, үкілеген  үмітіміз, еліміздің ертеңі, әр  отбасының көз қуанышы «Балалар жылы» деп  бастау  алды. ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы  Тоқаев 2022 жылды «Балалар  жылы» деп жариялағалы бері жер – жерде  осы айтулы жылға  байланысты көптеген   жұмыстар  атқарылуда.

Бұл  дегеніміз – мемлекет  басшысының өскелең  ұрпақтың  дені  сау, өз – өзіне  сенімді, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырудың  негізі  болмақ. Сонымен қазіргі  таңда барлық мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдарда  балалар  жылына  арналған іс – шаралар  жоспары құрылып, соның  аясында  жұмыстар жүргізілуде. Сондай – ақ  балаларымыздың  өсіп – жетілуі, ұлт  тағдыры, келешек  келбеті  екенін  ұқтырады.

Осындай  іс – шаралардың  бірі – біздің  балабақшамызда балабақша  меңгерушісі Бинур Тохтасынқызы  Еламанованың  бастамасымен тәрбиеші  мамандарымыздың  жан – жақтылығымен жазғы  жоспар  негізінде жаздың  балалар  үшін  де, өзіміз  үшін де ең  бір қызығы суға  шомылу  кезеңі  екендігі  белгілі. Ендеше, заман  талабына  сай арнайы  бассейндерді  пайдаланып, балалармен «Суға шомылу – бойды  сергіту» тақырыбында ойын – сауық  өткіздік.

Бұл ойын – сауығымыздың  мақсаты – балаларға  судың  пайдасын, суда  шынығу  денсаулыққа  пайдалы  екендігін  түсіндіру.  Балалар  ойын – сауық  барысында еркін  тыныстап, қуанып, бір  – бірімен  тығыз  байланысқа  түсіп, шат – шадыман  күлкіге  бөленді. Және  де олар  бір – біріне  қолдау  көрсетіп, көмектесіп, жанкүйерде бола  білу  дағдыларын  меңгерді.

Біздің  балаларымыздың  көңіліне  қуаныш  сыйлап, ізденімпаздық  көрсеткен Копешова  Гүлзада, Турманова  Эльмира, Дудабаева  Ардақ, Шебілова  Майгул, Абдуллаева  Гульзия және   Сагимбаева Сандуғаш тәрбиешілерімізге  және де  тәрбиеші  көмекшілеріне, осындай  жұмыстар  атқаруымызға  қолдау  көрсеткен  барлық  ата – аналарымызға  алғысымыз  шексіз. Қорытындылай  келе, жайдары  жаздың  шуақты  күндерінде  балаларға  арналған  ерекше  ізденістеріміз  таусылмасын  дегім  келеді.

Гүлнұр  Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
«Күншуақ» бөбекжай – балабақшасының
әдіскері, Алматы  облысы, Іле  ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий