Ералы Тоғжанов: “Жаңа мамандықтар атласы” түлектер мен жұмыс берушілер үшін басты бағдар болады

Павлодарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының, шағын және орта бизнестің өкілдері қатысты, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Кешенді жоспардың шеңберінде Павлодар облысында мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау жүйесі құрылды. Ол болашақ мамандықты, адамның өмірдегі кәсібін таңдауға көмектесетін «Жаңа мамандықтар атласы» жобасына негізделген. Осылайша, өткен оқу жылында 20 мың жоғарғы сынып оқушылары кәсіби диагностикадан өтті. Вице-Премьер Бағдарламада жастардың құзыреттілігін дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын арттыру, жұмыс істейтін халықтың, оның ішінде, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
– Жаңа оқу жылында өңір мектептерінде кәсіби бағыттаушы педагогтың штаттық бірлігі енгізіледі, колледждер мен өзекті мамандықтар орталығының, оның ішінде, жастардың өкілдерінің жұмысы күшейтіледі. 15 колледжде 15 жаңа мамандық пен 25 жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту енгізіледі, – деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтказина.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірде жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба еліміздің өзге өңірлері үшін табысты үлгі болуы тиіс екендігін және «Жаңа мамандықтар атласы» түлектер мен жұмыс берушілер үшін негізгі тірекке айналуы тиіс екенін атап өтті.
Қазіргі таңда өңірде «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және бес мыңға жуық адамды, оның ішінде NEET жастарын қамтитын 14 өзекті мамандықтар орталығы қызмет етеді. Осы санаттағы екі жарым мыңға жуық жастар өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында тағылымдамадан өтеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий