Түркістан облысы: Математика пәнінің мұғалімі еңбек демалысында оқушыларға тегін қосымша дәріс беруде

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тюлебаева Толқын Қуандыққызы еңбек демалысында оқушылары үшін тегін қосымша дәріс беруде. Бұл игі бастама сол мектептің 7 сынып оқушыларының білімге деген ерекше құлшынысына қарап, ойға келді дейді ұстаз, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
Оқу ордасында тәрбиелеген балалары жаздық демалысын математика пәнінен қосымша ізденіспен өткізуді жөн көріп, Толқын апаймен тығыз байланыста жұмыс жасауда. 33 жыл еңбек өтілі бар мұғалім 2017 жылдан бері Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде. Қазірге таңда ұстаздың ұлағаттылығының арқасында, оқушылардың да білімге деген жоғары ықыласымен жеткен жетістіктері көп.
Шәкірттері пән олимпадалары мен ғылыми жоба жеңімпаздары. Мектеп мақтаныштары. Балауса аудандық жасөспірімдер олимпиадасының математика пәні бойынша жүлдегерлері. Толқын Қуандыққызының ерен еңбегі, білім саласында жүріп өткен жолдары кейінгі буын педагогтарға үлгі боларлықтай.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий