Жамбыл облысы: “Мектепке жол” акциясы аясында кеңес ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық білім басқармасының мәжіліс залында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің мамандары үшін кеңес өткізілді. Аталған жиынға аудандық білім бөлімдерінің мамандары ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Кеңес барысында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының мақсаты, ұйымдастырылу барысы түсіндірілді.
Сонымен қатар, өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар талқыланды. 2022 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылатын акция «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өткізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий