Ақтөбе облысы: Жеке қабылдау жүргізілді

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы жеке сұрақтарымен тұрғындарды қабылдады. Олардың көтерген сауалдарының басым бөлігі білім беру ұйымдарына педагогикалық қызметке орналасу жөнінде болды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Осы орайда,, басқарма басшысы тұрғындарға конкурстық тәртіппен жұмысқа қалай орналасу керектігі туралы толыққанды түсіндірме берді. Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаға үстіміздегі жылы өзгеріс енгізілді. Яғни, оқуын аяқтаған студенттер ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, оның оң қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары бос орындарға жариялаған конкурстарға қатысады.
Жоғары нәтиже көрсеткен үміткер, комиссия шешіміне сәйкес, білім беру ұйымының басшысына тағайындауға ұсынылады. 2022 жылғы шілде айындағы ақпарат бойынша өңірде 125 педагог маманға сұраныс бар. Оның ішінде, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 36, бастауыш класс мұғалімі – 27, математика пәнінің мұғалімі – 19.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий