Үздік пікірсайысшымен үйлесімді әңгіме

Жергілікті әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Жастар орталығының қолдауымен аталған оқу орны базасында Шымқаланың жас пікірсайысшылары пікірсайыс қозғалысының аға буыны, “Аманат” партиясы дебат турнирлерінің жеңімпазы, бүгінгі жас кәсіпкер – Шәріпбай Нұрғиса Рахатұлымен кездесті, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақсаты “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, жас жеткіншектер арасында пікірсайысты насихаттау болды. Жиында аға буын өкілі оқушыларға пікірсайыс технологиясының қыр-сыры жайлы сөз қозғап, өзінің тәжірбиесімен бөлісті. Өз кезегінде оқушылар аға буын пікірсайысшыға көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Еркін форматта өткен қызу талқылау, тәжірибе алмасу оқушылардың пікірсайысқа деген қызығушылығын арттыра алды. Алдағы уақытта жас жеткіншектердің ұмтылысын күшейткен мұндай кездесулер жиі өткізіледі деп жоспарлануда!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

45

Добавить комментарий