Шығыс Қазақстан облысы: Жас көшбасшылар мектебінің жұмысы жүйелі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде жазғы «Жас көшбасшылар мектебі» Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұжымдарының студенттері үшін, ШҚО Катонқарағай ауданының Свинчатка ауылында оқу-өндірістік тәжірибе базасында 2022 жылдың 4-ші шілдесінен- 18 шілдесіне дейін жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Екі ауысымда жұмыс жасаған көшбасшылар мектебінде 102 студент демалыспен қамтылды. Мақсаты – жазғы демалысты ұйымдастыру және жобаға қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Жазғы «Жас көшбасшылар мектебі» жұмыс бағдарламасы көшбасшыларды, яғни студенттер арасында беделді әрі оларды әртүрлі қызықты істерге тарта алатын білім алушыларды анықтауды, ынталандыруды және дайындауды көздеді.
Жазғы «Жас көшбасшылар мектебі» жұмысы мазмұнының басты идеясы студенттердің өзін-өзі басқару шеңберінде іс-әрекетті ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, үйлестіре білу, нәтижелерді бақылай білу, талдай білу, сондай-ақ төзімділікке, отансүйгіштікке, туған өлкеге және оның табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылды. Бағдарлама студенттердің үнемі өзгеріп тұратын өмір сүру жағдайларында әлеуметтік бейімделу және өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін дамыту міндеттерін орындауға бағытталған.
«Жас көшбасшылар мектебі» жұмысының бағыттары: түрлі тренингтер; сыбайлас- жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша тренингтер; отансүйгіштік тәрбие; тарихи өлкетану іс-шаралары; экологиялық тәрбие; спорттық-сауықтыру. Бағдарлама студенттік қозғалыс бойынша әртүрлі инновациялық әдістемелерді, психологиялық тренинг элементтерін, «Сайлау», «Көшбасшы және оның командасы», «Фирма» іскерлік ойындарын, ұжымдық-шығармашылық ойындарды, практикалық сабақтарды, пікірталастарды, спорттық жарыстар мен туристік эстафеталарды, экскурсияларды, Берел қорғанына, Шыңғыстай ауылындағы Оралхан Бөкей мұражайына саяхат, алау, гала – концерт және тағы да басқа жұмыстарды қамтыды.
Загрузка...Көшбасшылар мектебіндегі бағдарлама 16-19 жас аралығындағы ТжКБ студенттеріне бағдарланған. Жазғы лагерьде демалып, сауығып шыққан жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының алғысы ұйымдастурушыларға шексіз болды.