Орал қаласы: Бурабайдағы лагерьге елу оқушы жіберілді

Балалардың Бурабай курорттық аумағындағы «Приозерный» лагеріндегі демалысы 28 шілдеден 6 тамызға дейін жалғасады. Орал қаласы бойынша жазғы демалыспен оқушылардың 88,6 пайызын қамту көзделді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2020–2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» өкімі және «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»  тұжырымдамасы басшылыққа алынды.

Жазғы демалыс уақытында Орал қаласының 45 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған лагерьлерде 7590 бала,  50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерде 34655 бала  демалысын өткізді. Алтыншы жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар ұйымдастырылды. Үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар арқылы балалар зейіндерін толықтыруға мүмкіндік алды.

Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы демалады деп жоспарланған болатын. Бүгінге  дейін 800-ден астам ұл-қыз осы лаегрьде демалыстарын қызықты  өткізді. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 400 бала және 230 дарынды оқушы бар.  

«Атамекен» лагері тамыз айының соңына дейін демалушы балғындарды қабылдауды жалғастырады. «Қайсар» патриоттық лагерінде мектепішілік және жергілікті полицияның бақылауында тұрған, сонымен қатар өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген  230 ер бала өз демалысын өткізді. «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырылып, 50 мектептен 1700 бала қамтылуда. Бұл шатырлы лагерлерде туристік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Лагерьге келген оқушылар болашақта ғылыми жоба жарыстарына дайындық жасауда. 2022 жылдың 26 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 50 аз қамтылған отбасы оқушыларына саяхат ұйымдастырылды. 2-14 шілде аралығында  50  оқушы Бурабай курорттық аумағында демалысын өткізді. 28 шілдеден бастап оқушылардығ тағы бір тобы – 50  бала Бала Бурабай аумағындағы лагерьге жолданды.

1-5 тамыз, 5-10 тамыз аралығында 50 аз қамтылған отбасы оқушыларының Түркістан қаласына саяхаты ұйымдастырылады. Айта кетейік, «Атамекен»  қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы лагерь демалушылары бассейнде базалық жүзу дағыдыларын үйренеді. Оқушылар сарайында қала мектептері оқушыларына базалық жүзу дағыдыларын үйрету жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Сонымен қатар лагерьдің әр ауысымына келушілер үшін құқық қорғау органдары, төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, қауіпсіздік ережелері  түсіндірілуде.                                       

Орал қалалық білім беру
бөлімінің баспасөз қызметі,
Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий