Қазақстанның тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

Біздің Қазақ елі Еуразияның қола дәуірінен бері келе халқымыздың арғы ата-бабаларының кіндік қаны тамуы да бір ғанибет қой! Сол мерзімнен бастап көшпелі және отырықшы шаруашылықтар өмірге негізделіп дамыған мемлекеттерге айналып, қалыптасып жатты. Сыртқы жаулардан қорғану мақсатында тәртіп пен жүйеге бағынды. Қуатты бірлестіктер құрды.

Тарих беттерін парақтаған кезде, біздің дарқан даламызда ғұмыр кешкен сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының сол замандағы Грекия, Византия, Парсы, Рим, Қытай мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде болғанын да білеміз!  Ал қазір ше? Бұрын кім едік, кім болдық? Жаһандық Қазақстанның қазіргі бейнесі қандай? Сөз басында сақтардың үздік отырықшы шаруашылықтары, қолданбалы өнерлері, соғыстағы айлалары басқаларға үлгі болып отырған. Сол дәуірден соң, қола, темір дәуірлері кезеңдерінде де, тіпті, Қазақ Хандығы құрылған уақытта да дәл осы құндылықты жоғалтқан жоқпыз. Қазақтың төл дүниелерін басқаларға дәріптемесек, бағасын жоғалтқан жоқ деп ойлаймын!

Салыстырмалы түрде әлемдік елдермен қараудың тағы бір құпиясы бар. Ол – біздің Түрік Қағанаты. Түрік қағанаты кезеңінде әлемге әйгілі ойшыл, даналарымыз дүниеге келген. Бұл кезеңде қала мәдениеті өркендеп, гүлденуі орын алады.  «Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады» – демекші Президентіміздің де өз тарихымыздың құндылығын арттыру мақсатында бірнеше істер жасап жатқанын көрудеміз! Бүгінгі күнге оралсақ, арнайы мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі зерттеулерде көптеген жұмыстардың атқарылып жүргенін білеміз. Шетел мұрағаттарынан біршама дәйектер алынып, оны біздің ғылымға енгізу жүзеге асырылуда.

Қазақстан тарихын әлемдік рейтингте жариялау жұмыстары жүріп жатыр. Ұлттық тарихымызға арналып, біршама фильм де түсірілді. Кітаптар да жазылып жатыр. Ел тарихын қайта қозғап, біздің әдебиетіміз бен мәдениетімізге озық үлгі болып жатқандар жетерлік!  Ән мен күйдің де қазіргі төркіні өзгеріс тапты. Бұрынғыша халық әндерін қазіргі заманға сай етіп, тыңдарман құлағына жағымды етуге тырысып бағуда!

Жастардың дамуына да барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Балабақша, мектеп, университетте жастардың дамуына арналған бағдарламалар мен білім жүйелері жасалған.Тарихи тұлғалар мен оқиғаларымыз жайлы «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндері оқытылып жүр. Дәл осылай Қазақ тарихы әлемдік маңызға ие. Президентіміз де өзінің әртүрлі іссапарларында дәл осы факторды дәлелдеп келеді. Тарихымыздың ел шеңберінен шығып, дүниежүзілік маңызға ие болып отырғанын, атқарған нақты істері мен бастамаларынан, ұсыныстарынан көре аламыз.

Күн сайын дамып, өркендеп келе жатқан заманда Қазақ елінің абыройы мен еңсесі биік болуынан артық бақыт болмас еді! Барлық қауіптің алдын алуға қауқарымыз әлі жете қоймаса да, небәрі 31 жылдың ішінде көптеген істерді атқарғанын білеміз! Бүгінгі күннің де ертеңгі тарих екенін ұмытпайық! Қазіргі болып жатқан ақ пен қараның бәрінің соңында жақсылық үшін болып жатқаны белгілі! Біздің қолымыздан келетіні оларды ұлықтау және ұмытпау!

Қазақстан тарихының айшықты оқиғаларына, есімдері ұлт мақтанышына айналған тұлғаларына арналған деректі фильм түсіруді қолға алып бастасақ, біздің тарихымыз баршаға экран арқылы белгілі болары анық. Тарих төңірегінде жазылып, басылып шығып жатқан кітаптарды оқырман халыққа, ауылдың, қаланың кітапханаларына, көп адам жиналатын орындарға ұсыну қажет! Оқылмаған кітаптың да жетім болатыны сияқты жастардың қабілеті мен қарымын, таланты мен мақсаты үшін ештеңені аямай, соларды тәрбиелеу жұмысында күрессек, ертең келешегіміз үшін зайырлы ұрпақ тәрбиелейтін едік.

Бүгінгі күнге оралайық, еліміздің инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің барлық қалалары гүлденіп, қанат жайып келеді.  Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынастарда да елімізідің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге бастамашы болды.  

Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Өсіп—өркендеген және қуатты Қазақ елі Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет болдық.

Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді. Қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік—мәдени салаларға да реформалар жүргізілді.

Қасымхан КАРИМОВ,
саясаттану ғылымының магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий