Ата-ана мен тәрбиешінің ынтымастастығы

Еліміздің  болашағы қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Болашақ ұрпаққа жан- жақты тәрбие беру, ақыл ойының дұрыс дамуына әсер етіп, еңбекке деген қызығушылығын ояту, бала денсаулығын нығайта отырып жұмыс жүргізу ата- мен тәрбиешінің алға қойған міндеті. Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта  ұлт дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен – кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.

Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата – аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы деп білемін. Баланың ана – тілін толық меңгеруі, ұлттық – сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Бала ол ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамай, өскелең ұрпақты шыншылдыққа үйретіп, жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызуымыз керек.

Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының қалыптасуында отбасы тәрбиесі әрқашанда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ бала тұлғасының дамуына оның ортасы әсер етеді. Осыған байланысты тәрбиеші мен отбасы арасындағы тығыз байланысты қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Баланың мүддесін дамуы тек қана, отбасы өкілдері (тек ата – аналар ғана емес) және мектепке дейінгі мекеменің өзара тығыз қарым – қатынаста болғанда ғана табысты болады. 

Бұл мектепке дейінгі баланы жақсы білуге, оның әр түрлі жағдайларды түсіну, сезіну, көруге мүмкіндік береді, демек бұл баланың дамуының тамаша треакториясы. Осы жағдайда тәрбиеші қызметімде әрдайым баланы мақтап, көтермелеп бағыт беріп отырамын, сол кезде баланың  ой – өрісін дамытып қана қоймай, ойлағанын еркін – батыл жеткізуге мүмкіндік беремін.  Сол кезде ата – ана мен арамыздағы  мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шығармашылық деңгейі артады.

Бала өте сезімтал байқағыш болады, сондықтан балаға ерінбей дұрыс жауап беру,  түсіндіру, тура жолға бағыттау, ой – өрісін ұштау, ата – ана мен менің парызым. Балабақшада ата – ана айтылған, көрсетілген нәрсеге  ықылас, зейін қойып тыңдауға ерекше зер салғаны жөн. Отбасында балаға балабақшада үнемі өнегелі, ұлағатты сөздер айтып, өзін әдепті ұстап, ізеттілік жасауды түсіндіріп отырған жөн. Мен үнемі балалармен және ата-анамен өзара қарым-қастынасты жүзеге асыру үшін, ата-аналармен психологиялық-педагогикалық көмек түрінде ғана емес,  сондай-ақ ата-аналарды балабақша өміріне тарту арқылы және олардың балалардың  тәрбие-білім беру жұмысына белсенді қастысуын айта отырып қарым- қатынасты арттырамын.

Ата-аналар мен балалармен   бірлескен  іс-шаралары, ашық есік күндері, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, кездесулер ұйымдастырып отыруымыз керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды өмірге дайындау өте күрделі қажымас еңбекшіні қажет етеді деп санаймын.  «Отан – отбасынан басталады» дейміз. Тәрбиеші  ата-ананың ынтымақтастығын құруда орасан еңбек ету қажет деп есептеймін. Себебі,  ата-ана және  тәрбиеші бала тәрбиесіне тең дәрежеде жауапкершілікпен қарауы керек және тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін бір арнаға құйып жатса, қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дайындап шығатынымыз  сөзсіз.

Мысалы «Сүйіспеншілік қанатында» атты пікір-алмасуда, ата- аналарды сабақ кезінде балалармен жалпыадамзаттық құндылықтар идеялары аясында  өтетін іс-шаралар түрімен таныстырып, адамгершілік-рухани қасиеттердің қаншалықты бала бойына сіңіретін рөлімен бөлістім. Сондай-ақ, синквейн технологиясы арқылы бала тілінің, коммуникативті дағдылардың дамитындығын ерекше атап кеттім.Осылайша  ата-аналарды балабақшадағы балаларының өмірімен қызықтыра түстім. Еліміздің болашағы – бүгінгі біздің  балалар!

Ал, бала тәрбиесінде балабақшаның орны ерекше. Тәрбиеші мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиісті. Балалардың бәрін бірдей жақсы көру керекпіз.  Үнемі кәсіби шеберліктерімізді шыңдап, білімдерімізді жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп отыруымыз қажет. Ата-аналармен тығыз байланысты арттыруымыз керек. Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата-ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата-ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, өнерін, тілін қадірлеуді ата-ана және тәрбиеші болып үйрету керек»

Ендеше, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ата-аналармен бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу-тәрбие жұмысын мақсатты жүргізе аламыз. Атап айтсақ, Ашық есік күнін өткізу. Ашық және сенімді қарым – қатынас. Ата – аналарға балаларды дамытуда кеңес беру. Өз ойларын ашып ортаға салу. Ата – аналар жиналысы. Бала қажеттілігін ескере отырып ата-анамен біріккен іс – шаралар. Осы іс – шаралар арқылы мен ата- аналар  ұжымын біріктіруге, оларды ұйымшылдыққа, береке – бірлікке  қол жеткізе аламыз.

Бала тәрбиесінде тәрбиеші мен ата – ана бірлескен  іс – әрекетінің нәтижесінде ғана  жағымды әсері мен ықпалы айқындалады. Ата – аналар жиналысын өткізуге алдын – ала дайындық кезеңін жасау керек (жиналысқа дейінгі талдауға ұсынылатын сұрақтар мен таныстыру, пікірлесу, өз ойларын ортаға салу). Баланың жақсы жақтарын айту менің  парызым. Ата- аналар жиналысына қатысқан ата-аналарды мадақтауды, ризашылық білдіруді естен шығармаймын.

Ата-аналар жиналысында  мектеп жасына дейінгі  балалардың іс- әрекеттері немесе мінез- құлқындағы кемшіліктер туралы айтудың қажеті жоқ, оларға сенімділікпен қараймын, кінә тағудан аулақпын. Тәрбиелік міндеттерді  жүзеге асыруым  үшін  ата- аналармен  тең дәрежелі серіктестер боламын және білім беру процесіне талпыныстар мен көзқарастарым бір жақтан шығып, бір ауыздан бірге мақсат мен міндеттерімізді мақұлдап, бірге жұмыс жасасақ, сонда ғана нәтижелі болады.  

Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік екенін ұмытпаймын. Сондықтан  баланың тәрбие алуына, қоғамнан өз орнын табуына, жағдай жасауына әрбір ата- ана мектеп жасына дейінгі  әдіс- тәсілдеріне сүйенгені дұрыс деп санаймын.  Мен ата- аналармен  балалардың жетістіктері және әр баланың бойындағы жақсы қасиеттері мен жақсы жақтарын айтып отырамын. Сондықтан балалардың әр күндерін қызықты, есте қалардай қуанышты көңіл- күймен өткізгендерін қалаймын.

Егер барлық жағдайда бірдей қарайтын болсақ, ол өзінен не талап етілетіндігі, нені істеуге болады, ал қандай нәрсеге рұқсат етілмейтіндігін анық түсінетін болады. Жалпы бала тәрбиесінде ата- аналармен бірізділік сақталған жағдайда ғана, баланың өз іс- әрекетіне, тәртібі мен мінез- құлқына жауапкершілігі арта түседі деп санаймын. Қорыта келе ата-анамен  бірлесе ынтымақтастықта отырып, оқу, тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсек, балаларды өсіру мақсатымыз еселенетіні сөзсіз.

Сондықтан балалардың болашағы үшін  ата- аналармен жұмыстың бірлескен әртүрлі формаларын қолдану керек. Ата-аналармен  арамызда сенімді қарым- қатынас болғаны дұрыс деп санаймын. Бір- бірімізді қолдасақ, тәрбиелік іскерліктеріміз байып жандана түседі. Сонда ғана балаларымыздың дамуы нәтижелі болады.   

Ш. АУБАКИРОВА,
«Бөбек»ҰҒПББСО «Өзін – өзі тану»
балабақшасының тәрбиешісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий