Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді
Мэн аралында (Ирландия теңізінде орналасқан Ұлыбританияның тәуелді аймағы) жеңіс тұғырынан көрінген Қазақстан құрамасын Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығы мен ата-аналар, қала ұстаздары мен оқушылары ізгі лебіздерін білдірді.
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев ұлттық құрама сапында лингвистикадан IOL-2022 халықаралық олимпиадасында 2 қола медаль иеленген жеңімпаздарға арнаған құттықтау сөз сөзінде талантты жастарды жан-жақты қолдау үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралардың бәрі дарын иелерінің қарымы мен қабілетін шыңдауға бағытталғанын айрықша атап айтты.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ
Загрузка...