Атырауда биыл 14 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Үш айдың ішінде балаларды 1 сыныпқа қабылдауға 17 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 80%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, – дейді осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
 
Бірінші сыныпқа бару үшін құжат қабылдау 1 сәуірде басталып 1 тамызда аяқталды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырып, құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдады. Сондай-ақ ата-аналар дәстүрлі қағаз форматында да тапсырған.
– 1 сыныпқа құжаттар қабылдау аяқталды. Енді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталған үш ай ішінде 17 245 өтініш түсті. Оның 15 мыңға жуығы электронды форматта қабылданды. Қалған 2 мыңы дәстүрлі форматта тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі бүгінде 80%-ға жуықтады, – деді А.Дүйсекенова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий