“Алматы ұстазы” байқауының жеңімпаздары Финляндияда тағылымнамадан өтеді

1 тамызда «Алматы ұстазы» байқауына өтініш қабылдау басталды. Байқаудың бес жеңімпазына Финляндияға барып тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды, – дейді қалалық білім басқармасының жетекшісі Ляззат Жылқыбаева брифинг барысында. Өтініштер almatyustazy.kz порталында қабылданады, – деп хабарлайды осы шаһардағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
– Біздің мақсатымыз – 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу. Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі, – деді Л.Жылқыбаева. Ведомство басшысы алматылық мұғалімдерді шетте қалмауға және байқауға қатысуға өтініш беруге, ал оқушыларды өз тәлімгерлерін белсенді қолдауға шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий