Оралда бірінші сыныпқа жеті мыңға жуық бүлдіршін қабылданды

2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Орал қаласы бойынша 1 сыныпқа 6936 оқушы қабылданып отыр. Бұл өткен жылғы балалар санынан 600 балғынға көп. Ата-аналардың және заңды өкілдерінің өтінішіне сәйкес, қабылданған оқушылардың  65 пайызы, яғни 4484 бала қазақ сыныптарында, 2452 бүлдіршін орыс сыныптарында білім алатын болады.

Қазіргі уақытта барлық қала мектептерінде «Балақайлар мектебі» жұмысын бастады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балғындарға арналған дайындық курсының мақсаты – балаларды мектеп өміріне бейімдеу. «Балақай мектебі» көмегімен бала ойын түрінде негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға және сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталады.

Орал қалалық білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі, Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий