Маңғыстау облысы: “Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас” тақырыбындағы жас мамандар форумы

Облыстық «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» атты облыстық жас мамандар форумы өтті. Екі күнге созылған форумға әр аудан, қаланың 60 жуық жас мамандары қатысты, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараны облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен мектеп педагог-психологтары Энерджайзер ойындары, «Мен және менің ортам» атты тимбилдинг танысу, «Мотивация, демомотивация және ерік күші» атты тренинг, «Миды дамытуға арналған нейрогимнастика» және квест ойындармен бастады.

Форум галстуксіз кездесумен жалғасты. Кездесуде жас мамандармен білім басқармасының басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызы, «Мен қазақпын» жобасының жеңімпазы Алпысбек Оңайбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов және «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Абай Ақтілеуов еркін форматта сұхбаттасты.

Форумның екінші күнінде «Үздік педагог» конкурсының грант педагог иегерлері «Үздік педагог-үздік тәжірибе» атты мотивациялық, педагогикалық шеберлік сағаттар өткізді. Форум аясында мұғалімдердің цифрлық сауттылығын арттыру мақсатында цифрлық әлемдегі мұғалімнің рөлі, жеке тұлға құзіреттілігін дамытудағы АКТ-ның рөлі тақырыптар талқыланды. Шара соңында пленарлық отырыста табысқа жетудің қадамдары, бәсекеге қабілетті дағдылары туралы айтылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий