Тамыз конференциясы – 2022: Бүгін 4 мыңнан астам адам секцияларға қатысып жатыр

Бүгін білім саласындағы ауқымды да маңызды іс-шараның, яғни Республикалық тамыз конференциясы – 2022-нің екінші күні. Конференция аясында Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында еліміздің барлық өңірінен келген ұстаздар, қоғам қайраткерлері мен ата-аналар балаларға қосымша білім беру мен инклюзияның өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ барлық мектеп оқушыларының білім алуына қолайлы жағдай жасау да күн тәртібінде тұр. Форум Нұр-Сұлтанда онлайн, ал Шымкентте аралас, яғни онлайн және офлайн форматтарда өтіп жатыр. Бүгінгі конференцияға барлығы 4 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий