Ақтөбе облысы: Мұғалжар ауданы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қаралды

Басқарма басшысы Жолдас Батырхан Мұғалжар ауданына іс-сапармен барып, білім беру ұйымдарын аралап оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтады. Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы, жылу жүйелерінің жай-күйі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, санитарлық құрал-жабдықтар қорының жасақталуы, ревакцинация, мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануы бақыланды. Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларының ұйымдастырылуы да басты назарда болды.
Бірқатар мектептерге “Оқуға құштар мектеп” жобасының жүзеге асуы бойынша сын-ескертпелер мен ұсыныстар жасалды, мәселен, аудандық білім бөліміне мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы олқылықтары және өз міндеттерін жеткілікті деңгейде орындамай отырған Елек негізгі мектебінің басшысына шара алу тапсырылды.
Басқарма басшысы сапар барысында аудан ұстаздарымен кездесіп ұсыныстарын тыңдап, жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий