Түркістан облысы: Келес ауданындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Биыл Келес ауданында 4 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бахтияр Сапарұлы №26 Келес, №28 Мақташы және №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектептерін аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып қайтты, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
№26 Келес жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. №28 Мақташы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының монтаждау кезеңі аяқталып, әрлеу жұмыстары басталды. №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысы өтпелі болып белгіленді.
Қазір еден ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мектептерге «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта да жөндеу жұмыстарына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп тұрады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий