Республикалық тамыз конференциясы аясында 28 мыңнан астам педагог инклюзивті білім беру мәселелерін талқылады

«Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар мен білім» тақырыбында өтіп жатқан педагогтердің Тамыз конференциясы аясында 28 мыңнан астам педагог Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған панельдік секциясына қатысты, – деп хабарлайды осы салалық құрылысның баспасөз қызметі.

Панельдік секцияға қатысушылар инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, педагогтерді әдістемелік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру, өңірлік деңгейде инклюзивті білім беру жұмыстарын үйлестіру, инклюзивті практиканы дамыту контекстінде барлық білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру бойынша мәселелерді талқылады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында білім беру жүйесінің қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс екенін айтып өткен болатын. Биыл инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара байланысты, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің орта білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен өзара байланысын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алдағы уақытта да белгіленген міндетке сәйкес жұмыс жалғасын табатын болады, – деді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий