Жамбыл облысындағы алпысқа жуық басшы қызметін өзге білім ошақтарында жалғастырады

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығына сәйкес Жамбыл облыстық білім басқармасы тарапынан жеті және одан да көп жыл қызметте болған білім мекемелерінің басшыларын ротациялау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады. Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады. Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады.
Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс. Бүгінгі күні бір елді мекен шегінде 7 жылдан аса қызмет етіп отырған 30 мектепке дейінгі ұйымның және 29 орта білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланды. Айта кету керек, аталған бұйрыққа сәйкес бір ауылда бір ғана мектеп немесе балабақша болса, ол білім шаңырағының басшысы ротацияланбайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий