Тынығу лагеріндегі сырбойылық оқушылар спорт чемпиондарымен жүздесті

«Қазақстан Барысы – 2022» чемпионы Мақсат Исағабылов пен қазақ күресінен әлем чемпионы Нұрым Сәлімгереев және «Полиция Барысы – 2022» чемпионы Ержан Абдуллаев «Арай-Sunrise» жазғы тынығу лагеріне барып, балалармен кездесті, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шараға Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Бауыржан Әбенғалиев пен сала ардагерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының этнос өкілдері мен 200-ге жуық лагердің тынығушылары және ата-аналар қатысты. Кездесуде боз кілем тарландары балаларға арнап шеберлік сабағын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мұнан соң балалар чемпиондармен еркін форматта сұхбаттасып, жетістікке жету жолындағы кедергілер мен оларды жеңу тәсілі, ел үшін додаға түскен уақыттағы эмоциялары мен жауапкершілік туралы және тағы басқа қызықты сауалдарын қойды. Тағылымды кездесу соңында балалар өз өнерлерін көрсетіп, сүйікті спортшыларынан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий