Қызылорда облысындағы дебат қозғалысының дамуына оң баға берілді

“Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім» білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде Шымкент қаласында «Қосымша білім беру – балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту әлеуеті» тақырыбында қосымша білім беру педагогтерінің дәстүрлі секциясы өткізілді, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Шара аясында балаларға қосымша білім беруге байланысты өзекті мәселелер талқыланып, диалогтық алаңдар жұмысына жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшылары, мектептегі өзін-өзі басқару үйлестірушілері, пікірсайыс клубтарының, ҮЕҰ басшылары, ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Сонымен қатар, спикерлер оқушылардың пікірсайыс қозғалысын, өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған республикалық жобаларды іске асыруға назар аударып, технологиялық білім берудің, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық қызметтегі инновациялардың жаңа форматтарын ұсынды және балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың көркем-эстетикалық, музыкалық шығармашылығын дамыту мәселелерін талқылады.
Осы орайда, аталған секция отырысына Қызылорда облысы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының Қосымша білім беру бөлімінің басшысы Имамзадаева Гүлбану Күзембайқызы қатысып, «Дебат клуб жетекшілеріне мотивация беру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Облыс бойынша атқарылған жұмыстар мен тәжірибе бөлісу нәтижесінде, Қызылорда облысында дебат қозғалысының дамуына республикалық дәрежеде оң баға беріліп, облыс бойынша дебат қозғалысының үйлестірушісі Гүлбану Күзембайқызы балаларға қосымша білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР БжҒМ РҚББОӘО-ның «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ДОСЫ» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, бала тәрбиесін дамыту жолындағы қызметінде табыс тілейміз!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий