Орал қаласы: “Leader TopiQ” сайысының жүлдегерлері анықталды

TopIQ.kz электрондық оқулығының тиімділігін, мүмкіндігін көпшілікке таныстыру мақсатында «Алматыкітап» баспасы ұйымдастырған Leader TopiQ сайысы мәресіне жетті. Мектеп оқушылары, орта мектеп ұстаздары, арнаулы және жоғары оқу орындары оқытушылары қатысқан республикалық байқауда 8 аталым бойынша 27 жүлдегер анықталған, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы орталығындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Олардың екеуі Орал қаласының педагогтары – №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Малтабарова және №50 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Алина Қасым. 2021-2022 оқу жылында ұстаздар қауымы «Алматыкітап» баспасы жасақтаған TopiQ.kz электрондық оқулығын апробациялау бағытында жұмыстанды.
Осы электрондық оқулықтың тиімділігін, мүмкіндігін көпшілікке таныстыру мақсатымен «Алматыкітап» баспа үйі Leader TopiQ сайысын ұйымдастырған болатын. Байқаудың мақсаты – оқушылар мен педагогтардың шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамыту. Өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезімдерін нығайту.
Жаңа отандық TopiQ электрондық оқулықтар платформасының пайдалану аясын кеңейту. «Үздік ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Үркер», «Альфа ұрпағы», «Жас дәурен», «Дарабоз», «Білім ер», «Болашақ» номинациялары бойынша қатысушылар екі кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады.
Бақытгүл Малтабарова мен Алина Қасым «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша қатысуға өтінім беріп, байқау талабына сәйкес бірінші кезеңде сабақтарында платформаны пайдаланып үзінді көрсетсе, екінші кезеңде платформаның мүмкіндігін ашатын 2 минуттық креативті жарнама түсірді.
Нәтижесінде №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Малтабарова «Үздік ұстаз» аталымында жүлделі екінші орынды, №50 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Алина Қасым жүлделі бірінші орынды иеленді. Ұстаздарымызды жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий