Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесіне өзгерістер енгізілмек

Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, – деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

– Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр, – деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған Қазақстанда екі жылда 100-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий