Қостанай облысы: “Бастапқы әскери және технологиялық дайындық” пәнін оқыту: мәселелер, практика, шешу жолдары” тақырыбында секция ұйымдастырылды
Қостанай облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің үйлестіруімен аймақ педагогтерінің тамыз кеңесі шеңберінде “Бастапқы әскери және технологиялық дайындық” пәнін оқыту: мәселелер, практика, шешу жолдары» тақырыбында білім бөлімдерінің қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттері әдіскерлеріне, БӘжТД оқытушы-ұйымдастырушыларына секциялық жұмысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Секция жұмысына 30-дан артық әдіскерлер және ұйымдастырушы-оқытушылар қатысты. Усенов Н.С., Лезбаев С.К., Утебаев У. К., Абдрахова А.А., Ким М.Д., Дильдибекова Г.А., спикерлері болып, өз ойларымен бөлісті. Секция жұмысы барысында бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің заманауи бағыттары, ауыл мектебінде әскери-спорт клубының жұмысын ұйымдастыру, білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу факторларының бірі ретінде әскери-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу, әскери істі оқыту құралы ретінде ақпараттық технологияларды енгізу талқыланды. Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.