Атырау облысы: Абай оқулары қорытыланды

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен XXIII республикалық Абай оқуларының Атырау облыстық кезеңіне Индер ауданнан 3 оқушы қатынасқан болатын, – деп хабарлайды осы аудандағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Байқау қорытындысымен: “Көңілім әнді ұғады” бағамы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің 8- сынып оқушысы Ален Айшабибі жүлделі екінші орынды (жетекшісі: Бактиярова Балғаным); “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” бағамы бойынша Махамбет атындағы орта мектептің 10- сынып оқушысы Зинел Фатима екінші орынды (жетекшісі: Кыстаубаева Назгуль).
“Ұлылар әлемі” бағамы бойынша Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 8- сынып оқушысы Нұрмұханқызы Нұрайым (жетекшісі: Саумекова Жанар) жүлделі екінші орынды иеленді. Оқушылар мен жетекшілерін құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий